ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТЕДІ


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларының 3 тармағына сәйкес, Жібек жолы ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиыны Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында ағымдағы жылдың 28 тамыз күні сағат 16:00-де өтетіні жоспарланып отыр.

Күн тәртібінде:

1. Жібек жолы ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу;

2. Жібек жолы ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджет жобасын қарау;

3. Жібек жолы ауылдық округі әкімінің 2020 жылдың І жартыжылдық бюджетінің орындалуына мониторинг жүргізу;

4. Басқа да мәселелер.

 

Өткізілетін орны: Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залы, 2020 жылдың 28 тамыз күні, сағат 16:00-де.


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
19.08.2020-12:00:00