АҚСУКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТЕДІ


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы  18 қазандағы №1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларының 3 тармағына сәйкес, Ақсукент ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиыны Ақсукент ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында ағымдағы жылдың 24 шілде сағат 11:00-де өтетіні жоспарланып отыр.

Күн тәртібінде Ақсукент ауылдық округінің әкіміне үміткерлерді таныстыру және басқа да мәселелер қаралатын болады.

Өткізілетін орны:   Ақсукент ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залы, 2020 жылдың 24 шілде күні, сағат 11:00-де.

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
22.07.2020-10:34:00