ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!



Бүгін сағат 15.00-18.00 уақыт аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметке орналасу, өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыптарында интернет-конференция өтеді.
Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.А. Шілманов жауап беретін болады.
Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында нақты уақыт режимінде өтеді.
Сұрақтар қою үшін dialog.egov.kz веб-порталына ЭЦҚ арқылы кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, жоғарыда аталған тақырыпты тауып, «Сұрақ қою» батырмасын басу қажет

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
22.05.2020-10:34:00