Әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді



Сайрам ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкіл функциясы аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Айтқұлов Ғани Саурбайұлына жүктелуіне байланысты мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп нормаларын сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу, жеке қабылдау жүргізу мақсатында арнайы кесте түзілді. Түзілген кестеге сәйкес, 2019 жылдың 20 желтоқсан күні Ақбұлақ ауылдық округінде 17-00, Қарамұрт ауылдық округінде сағат 18-00 де кездесулер өткізіліп, ауылдық округі әкімі аппаратының барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қатысуымен, әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Кездесу барысында анонимді сауалнамалар алынды.



 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
20.12.2019-10:34:00