Әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді



Сайрам ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкіл функциясы аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Айтқұлов Ғани Саурбайұлына жүктелуіне байланысты мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп нормаларын сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу, жеке қабылдау жүргізу мақсатында арнайы кесте түзілді. Түзілген кестеге сәйкес, 2019 жылдың 19 желтоқсан күні Ақсукент ауылдық округінде 12-00, Манкент ауылдық округінде 15-00 де, Жібек жолы ауылдық округінде 17-00 де кездесулер өткізіліп, ауылдық округі әкімі аппаратының барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қатысуымен, әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында анонимді сауалнамалар алынды.


  


  


 

ЖАРИЯЛАНҒАН: 
19.12.2019-10:34:00