Хабарландыру



2019 жылдың 9 қазан күні Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіл Әлішев Әмірдин Мұхиденұлы Сайрам ауданы Құтарыс ауылдық округінде сағат 10-00,  Көлкент ауылдық округінде сағат 11-00, Қарабұлақ ауылдық округінде сағат 12-00 де ауылдық округі әкімі аппаратының барлық қызметкерлерінің, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің, медицина саласының басшылары, жергілікті полиция қызметкерлерінің, мектеп директорлары мен ауыл, төбе биердің қатысуымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кездесу өткізілді.

Аудан әкімі аппаратында сағат 2019 жылдың 9 қазан күні 15-00 де аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің, дербес бөлім басшыларының, мамандарының, ауылдық округтері әкімдерінің, жергілікті полиция басшысының, медицина саласының басшылары мен мектеп бала бақша басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кездесу өткізілді. Семинар соңында аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында азаматтардың жеке мәселелері бойынша жеке қабылдау жүргізілді. Жеке мәселелер бойынша қабылдау барысында аудан тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер бойынша қаралып, тиісті түсіндірме жұмыстары атқарылды.


  


 


 


 


 


 


ЖАРИЯЛАНҒАН: 
16.10.2019-10:34:00